Орал қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 183 +7 7112 30-60-20

Зиялыға 20 сұрақ

 

Қадыр орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани» жаңғыру мақаласы аясында, Астананың 20 жылдығына орай «Зиялыға 20 сұрақ» жобасы қолға алынды. Жобаның алғашқы қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева.

Қадыр атындағы әдеби-мемориалдық кабинетте өткен кездесуде ақын апамыздың әсерлі әңгімелерін жас ұрпақ ден қойып тыңдады.

Шара барысындағы сұрақтарға жан-жақты жауап бере отырып, ақын өз өлеңдерін де тебірене оқып берді.

— Рухани жаңғыру жас ұрпаққа керек, деді ол. Тарихымыздың түгенделіп, жер атауларының қайта жаңғыруы, өнердің ұлықталуы, тұлғалардың дәріптелуі – Егемен елдің зор жетістігі деп бағалады.

— Кешегі Құрманғазының күйіне арқау болған, Ақан мен Біржан әуелете ән салған, Құлагер көсіліп шапқан Сарыарқаның төріндегі Астананың бойы көтеруі өте орынды екенін де атап көрсетті. Әрине, Жетісуымыз да сұлу, Алматы – арман қала. Бөліп аларлығы жоқ, қазақтың кең жазира даласы – байлығымыз.

— Әйелге ақын болу оңай емес. Әйел ақын бола алмайды дегендердің «аузына қақпақ» болған Фариза еді ғой…. деп өткенді де еске ала кетті.

Жалпы бұл кездесу рухани, шынайы, арқа-жарқа әңгімеге арқау болған шара болды. Қойылған барлық сұрақтарға кеңінен жауаптар алдық.


«Қадыр-ақпарат»
30 мамыр 2018 жыл

Трекбэк с Вашего сайта.

Оставить комментарий