Орал қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 183 +7 7112 30-60-20

ӨМІРБАЯН

         

              Қадыр Ғинаятұлы МырзалиевҚадыр Мырза Әли (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы — 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, ҚР мемлекеттік сыйлықтың, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы.               

  • 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетініңфилология факультетін тәмамдаған.
  • Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан»бастаған.
  • «Жұлдыз»журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары
  • 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасындақазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі
  • «Балауса» баспасының редакторы
  • Қазақстан Жазушылар одағындапоэзия секциясының кеңесшісі.
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

 

      Шығармашылық жолы

Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.

Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.

Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды.

Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), Әзірбайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бұрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.

Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.

2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты. 

 

         Кітаптары

  • «Жаңғалақтар» (1960);
  • «Кішкене қожанасырлар» (1961);
  • «Данышпан» (1961);
  • «Ноян-қоян» (1962);
  • «Алуан палуан» (1963);
  • «Сабақ» (1964).

         Жыр жинақтары

  • «Ой орманы» (1965);
  • «Дала дидары» (1966);
  • «Ақ отау» (1968);
  • «Домбыра» (1971);
  • «Көш» (1973);
  • «Жерұйық» (1976);
  • «Алақан» (1977);
  • «Қорамсақ» (1980, 1981);
  • «Қызыл кітап» (1983);
  • «Күміс қоңырау» (1970— 1985);
  • «Мәңгі майдан» (1993);
  • «Биік баспалдақ» (1993);
  • «Үкілі үзінділер» (1996);
  • «Алаштың арманы» (2001);
  • «Жазмыш» (2001);
  • «Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001);
  • «Иірім» (2004);
  • «Шырғалаң» (2004);
  • «Алмас жерде қалмас» (2004).

        Марапаттары

  • «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы (1966).
  • «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (1980).
  • Әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығы (1993)
  • Қазақстанның халық жазушысы (1995).
  • Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы (2001).
  • Достық ордені
  • Парасат ордені