Орал қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 183 +7 7112 30-60-20

                    ДОМАЛАҚ АРЫЗ
Құтылмас қонған да құр атқа,
Жетеді бірер күн, бір апта.
Жалада жанбаған тас көмір:
Күйдірмес,
Күйелер бірақ та!

Жазады шамамен, жобалап,
Жазықсыз биіктен домалап.
Жүйкелер жұқарып,
Жүректер…
Обал-ақ!
Обал-ақ!
Обал-ақ!

Жігітсің шаруаң жоқ өсекпен,
Жатпайсың егесіп есекпен.
Улайды домалақ арыздар,
Жебедей басына у сепкен.

Жел сөзді құлаққа ілмейсің,
Жігіт – от,
Аруды – гүл дейсің.
Домалақ арыздан домалап,
Жатасың…
Кім жазды білмейсің.

Беймәлім жауыңмен сайысып,
Қажисың қабырғаң қайысып.
Білмейсің, арыздың иесі
Жүргенін өзіңмен шай ішіп!…

Трекбэк с Вашего сайта.

Оставить комментарий