Орал қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 183 +7 7112 30-60-20

Жақсылық жасау да – жан рақаты.

Пілдің тірісінде – күші,
Өлгенде – сүйегі қымбат.

Қайраты бардың қылышы өткір.

Құстың сұлтаны – сұңқар,
Аттың төресі – тұлпар.

Ұстара жану үшін ұста болу міндет емес.

Адамды ескі жылдар емес, жаңа жылдар қартайтады.

Сұлулық кетеді, сымбат қалады.

Арғы бетке өттім-ау деп,
Қайығыңды кері жіберме.

Жұбатудың да, жұбанудың да ең жақсы жолы – шүкірлік.

Адам тапталмайды,
Ақылды мақтанбайды.

Өзге болу оңай,
Өзің болу қиын.

Жылы сөз естімей жүрек жібімейді.

Дарынды тулатпай ұстау үшін – тізгін,
Шулатпай ұстау үшін — кішіпейілділік керек.

Білектің күші – қара күш
Білімнің күші – дара күш.

Әріптесінің табысына ұлы адам ғана қуанады.

Құрдасты құдай береді,
Досты өзің табасың.
Сондықтан, екеуі де — қымбат.

Жаманның басында не бір ой,
Жақсының жанында абырой.

Біреуге жасаған жақсылығыңды ұмыт,
Біреудің жасаған жақсылығын ұмытпа.

Өмірдің өзі емес,
Сәттері әдемі.

Ер азамат үнемі өз үйінде болуы үшін дүниенің бар қызығы, бар рахаты, бар махаббаты өз үйінде табылуға тиіс.

Өмір бойы бақытты болу мүмкін емес.

Адам тек тыныштықта ғана
Дана бола алады.

Көп екен деп күштінің жағында болмай,
Аз да болса ақиқат жағында бол!

Ақылды сөзге ақылды адам ғана тоқтайды.

Ауыр жұмыс істемей,
Жеңіл өмір сүре алмайсың.

Күліп жүріп шашқаныңды,
Жылап жүріп жинайсың.

Ең күрделі әліппе – адамдардың қас-қабағы.

Төрінде данышпан отырған үйдің
Босағасы да абыройлы.

Жауыңды ұялтудың бір жолы –
Оған жақсылық жасау.

Өмір – көркем шығарма емес,
Оны түзетуге болса да, қысқартуға болмайды.

Адамның ең асыл қасиеті – шарапат.
Шарапатпен емделеді жарақат.

Сау кезіңде көңіліңді сұраушылар көп болады.

Жеңе берсең – жолдастан жолдас қалмайды.

Өзгеге сенбеу – сақтық,
Өзіңе сенбеу – данышпандық.

Шүкіршілік еткен адам шектен шықпайды,
Қанағат еткен адам қалпын бұзбайды.

Жүректегі мұзды сөздің шуағы ерітеді.

Абыройың – ұрпағыңа қалдыратын асыл мұраң.

Бір ағаштың түбіне бір сіріңке жетеді,
Бір ағаштың соңынан бүкіл орман кетеді.

Әдемілікті көре білу – көзіңе,
Әдемі өмір сүре білу – өзіңе байланысты.