Орал қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 183 +7 7112 30-60-20

Данышпанның ақылы
Қай кезде де орнында.

Үй иесінің табағына қарама,
Қабағына қара.

Барлық есік ашық тұрса,
Қай есікті іздеп жүргеніңді білмейсің.

Мықтылар заманына икемделмейді,
Заманды өздеріне икемдейді.

Кемеңгер бола алмаса да,
Кісі болу адамның өз қолында.

Алланы алдау
Адам алдаудан басталады.

Сәулеткердің соңында – Ғимарат
Әулеткердің соңында – ғибрат қалады.

Жолдың жеткізіп тастайтын жерлері бар,
Бірақ ақыры жоқ. Ол бітпейді…