Орал қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 183 +7 7112 30-60-20

Бүгін – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Осыған орай Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Б.Халиолла ұжым қызметкерлерін мамыражай мамырдағы мерекелерімен құттықтады.

 

Астанадан аттанып, Алматыға жеттік…

Тұманбайға жерұйық, Қадырға жербесік болған ақбас Алатауға ақерке Ақ жайықтың ақ сәлемін ала келген «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымын алматылық өнерсүйер ағайын жылы қабылдады.

 

«Қадыр жолымен…» жобасы аясында құрылған «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымы бұған дейін облыс шекарасынан әрі асып, Атырау, Маңғыстау облыстарына өнер сапарымен барып, жергілікті тұрғындардың ыстық ықыласына бөленіп, ақ баталарын арқалап қайтқан болатын. Алқалаған ағайынның ақ батасы мен ақеділ көңілі өнер ұжымын Астанаға алып келді.

Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, абыз тұлғаға айналған Асанәлі Әшімов бастаған құрамында елге танымал театр майталмандары бар М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы Қадыр орталығына арнайы ат басын бұрып, ел мәдениеті мен әдебиеті, өнері үшін атқарып жатқан қызметтеріне ризашылықтарын білдірді