Орал қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 183 +7 7112 30-60-20

Қадыр орталығында әр бейсенбіде өтетін «Елеулі есімдер» жобасының кезекті қонағы – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Закария Сисенғали болды. Қасиетті Қамыс-Самар, жаңарған Жаңақаланың төл перзенті, есімі елге танымал ақын өзі тебірене жырлаған Жайық жұртымен кездесті.

Қадыр орталығындағы «Елеулі есімдер» жобасының кезекті қонағы Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі, «Құрмет» ордені мен Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Шалқыма Құрманалина болды.